17 мая 2018 - Веб-редактор
...халықаралық байқаулардың жеңімпазы Тасқын Әжібай Қызылорда қаласының 200 жылдық тарихи тойымен және Астана қаласының 20 жылдығына арналған аймақтық ән байқауына қатысып, жүлделі 3 орынды иеленіп қайтты.
Осыған дейін Тасқын Оңғарұлының жеткен жетістігі, бағындырған биігі өте көп. Бала кезінен әнші болуды армандаған ол мектеп қабырғасында жүріп, аудандық байқауларда бағын сынады. Жүлделі орындарды жеңіп алып, өзінің жас талант иесі екендігін дәлелдеді. Кейін өнер мектебінің ұстаздары Тасқынның болашағына зор үмітпен қарап, өнерін одан әрі шыңдауға тынымсыз жұмыс жасады. Бірнеше рет халықаралық “Алтын микрафон”, “Бозторғай” ән байқауларында бақ сынап, ауданымыздың абыройын көтерді. Намысын қорғады. Ұстаздарының сенімін ақтады. Қазіргі таңда Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде режессерлік қызмет атқарып келеді. Шағын драмалық спектаклдерді дайындап, көрермендердің алғысына бөленді. Жас таланттарын бағалай білген торғайлықтар Тасқынға мол сенім артып отыр.